Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Шольц Харьков түбіндегі жеңілісінен кейін Путинге тізе бүгуді ұсынды

БЕРЛИН. 15 қыркүйек. Германия канцлері Олаф Шольц Харьков түбіндегі жеңілісінен кейін РФ президенті Владимир Путинге капитуляция жасау керектігін ескертті. Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.

Украина Қарулы күштері Харьков облысында Ресей әскерлеріне күйрете соққы беріп, аумақтан қуып шыққаннан кейін 8000 шаршы шақырым жерді жау қолынан босатты.

Осыдан кейін Путинге тағы да әлем лидерлері назар аударды. Алдымен Франция президенті Эмманнуэл Макрон жексенбі күні Кремльге телефон шалып, Путинмен келіссөз жүргізді. Ал сейсенбі күні ГФР канцлері Олай Шольц байланысқа шықты. Неміс басшысы бір жарым сағатқа созылған әңгіме барысында Ресей президентіне капитуляция жасап, Украинаны басып алу мақсатынан бас тартуды ұсынды.

Шольц Путинді Украинадае әскерлерін толық алып кетуге және оның территориялық тұтастығын сақтауға шақырды. Ол сондай-ақ «ұрысты тоқтатуға негізделген дипломатиялық шешімді тезірек табу» керектігін алға тартты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button