Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыста екі тәжік солдаты қаза тапты
МӘСКЕУ. 14 қыркүйек. Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болып, ақырында екі тәжік жауынгерінің оққа ұшқаны мәлім болды. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.
«Қырғызстан тарапының минометтен атқылауы барысында екі тәжік шекарашысы қаза тапты және тағы алтауы жарақат алып қалды», – деп баяндады жергілікті билік.
Мұның алдында, сәрсенбі күні қырғыз шекара қызметі Тәжікстанмен шекарада қарулы қақтығыс туып кеткенін мәлімдеген болатын. Атыс Тәжікстан шекара жасағының шекараның бұрын белгіленбеген учаскесіне келіп ұрыс позициясын жасап алуынан шыққаны жайды хабарлаған болатын.
Тәжікстан тарапы өз кезегінде қырғыз шекарашыларын тәжік шекара заставаларын негізсіз атқылады деп айыптады.
Оқиға орнына Баткен шекара жасағының басшысы аттанды. Онда Баткен облыстық шекара қызметінің бастығы мен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскерлері Соғды облыстық басқармасының бастығы телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар кездесуге келісті.