Украина Ресеймен келісімге келудің барлық түрінен бас тартты
КИЕВ. 13 қыркүйек. Украина басқыншы Ресей мемлекетімен келісімге келудің барлық мүмкін болатын түрлерінен бас тартып, Батысты одақтас болуға шақырды. Бұл туралы The Moskou Times хабарлады.
«Украина наурызда Ресеймен өткен келіссөздерде талқыланған кішік болудың барлық түрінен бас тартып, президент Володимир Зеленскийдің офисі сейсенбі күні жариялаған қауіпсіздік кепілі келіссөзі жобасынан шығатын батыс елдерімен әскери одақтың бір түрін жасасуды ұсынады», – делінген хабарламада.
Құжатқа сәйкес, Киев кепіл ретінде АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Канаданы, Польшаны, Италияны, Германияны, Францияны, Австралияны және Түркияны көргісі келеді. Ол бұған сондай-ақ Балтық жағалауынан Батыс Еуропаға дейінгі елдерді қосылуға шақырады.
Наурызда талқыланған жобадан айырмашылығы, Украина енді бұдан ары Қырымның бұлыңғыр мәртебесіне «қол тигізбей» тұра тұруға келіспейді. Ресей әскерлері Киевтің түбінде тұрған, ал Владимир Путин украин армиясына «келісімге келуді» ұсынып отырған соғыстың алғашқы айында Киев түбек жөнінде «келіссөздер» жүргізілуі мүмкін екенін айтып қалған.
Жаңа құжатта Украина қауіпсіздік кепілі елдің «халықаралық мойындалған» территориясын түгел қамтуы тиіс екенін талап етіп отыр.
БҰҰ жарғысына сәйкес өзін өзі қорғай алуы үшін Киевке қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде инвестицияға жүгіну қажет.