ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Шольц: Украинадан соң Молдова мен Грузия ЕО-ға кіруі тиіс
БЕРЛИН. 29 тамыз. Германия канцлері Олаф Шольц Украинадан кейін Молдова мен Грузия Еуропа одағына кіруі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Spiegel хабарлады.
Неміс журналы канцлердің бұл әңгімені Прагадағы Карл университетінде сөйлеген сөзінде айтқанын баяндады.
«Біздің заманымызда еркін Еуропа мен неоимпериялық автократия арасындағы жіктік сызығы болашақта қай жерлерден өтуі тиіс деген сауал тағы да туындап отыр», – деді ол.
Германия канцлері сондай-ақ Еуропа одағының Солтүстік және Шығыс Еуропаны, сондай-ақ толық қуатында жұмыс істеп тұрған штабты қорғап тұруға қабілетті өзінің Әуе қорғанысы жүйесін құруы керек екенін де атап өтті.
Мұның Ресейден қорғану үшін айтылып отырғаны ешбір күмән туғызбаса керек.