ЕО ресейлік мұнай бағасының шегін төмендету жоспарын тоқтатты

БРЮССЕЛЬ. 21 маусым. Еуропа одағы Ресей мұнайы бағасының шегін төменге түсіру жөніндегі шешімді кейінге қалдырды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Еуроодақ ресейлік мұнай бағасының барреліне 45 долларға дейін төмендету мүмкіндігін талқылады. Алайда Израиль мен Иран арасындағы қарулы қақтығыс жағдайында жоспардан бас тартуға тура келді.
Еуропа одағы Ресей мұнайы баррелінің ең жоғары бағасын 60 доллардан 45 долларға дейін төмендету жоспарынан бас тартты. Мұндай шешім мұнай бағасының өсуіне әкелуі мүмкін Израиль мен Иран арасындағы соғыс әрекеттеріне байланысты қабылданды.
«Осы аптада G7 кездесуінде барлық елдер дәл қазір шешім қабылдамауды жөн көрді. Бағалар төбеге жақын болды, бірақ қазір олар көтеріліп, төмендеп жатыр, қазіргі уақытта жағдай тым тұрақсыз», – деді Politico ақпарат мәнбелерінің бірі.