Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Украина Қарулы күштері ресейліктерді екі селодан қуып шықты
КИЕВ. 14 тамыз. Украина Қарулы күштері өткен тәуліктің ішінде Донецк облысындағы екі селоны оккупанттардан босатты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Луганск облысы әскери әкімшілігінің бастығы Сергей Гайдай басқыншылардың үлкен шығынға ұшырағаннан кейін екі елді мекенді тастап шыққанын жеткізді. Олар жауды Донецк облысының Спорный және Серебрянки селоларынан Луганск облысының шекарасына дейін қуып тастаған.
Гайдайдың айтуына қарағанда, ресейліктер Луганск облысына қайта шабуыл жасау жоспарынан әлі бас тартпаған. Мұнда ұрыстар күндіз де, түнде де тоқтаусыз жүріп жатыр. Шайқас таң азаннан басталып кетеді.
Тамыздың 14-не қараған түні жаудың артиллериялық бөлімшесі 15 рет елді мекендерді стволды және реактивті қарулардан атқылаған.