Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Украина жаңа қарумен өзінің соғыс стратегиясын өзгертіп жібереді

ВАШИНГТОН. 14 тамыз. Украина шетелдерден алып жатқан осы заманғы озық қаруларымен майдан даласындағы ахуалды өзгертіп жібере алады. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Басылым украин Қарулы күштері алыс қашықтықтарға ата алатын жаңа қаруларды толық алып болғаннан кейін өзінің соғыс стратегиясын қалағанынша өзгертіп отыратынын атап өтті.

Газет Ресейдің көктемнен жазға дейін украин жерін қалағанша атқылап келгенін, енді қорғанушы жақ озық соғыс машиналары саны көбейткен сайын, оккупанттардың қарқыны басылып, күнделікті теңдессіз ұрыстарда 200-ге дейінгі техникасынан айырылып жатқанын жазады.

«Бірақ Украина соңғы апталарла жаңа қарудың көмегімен өзінің соғыс стратегиясын өзгертіп, кем дегенде, осы кездерде Ресейдің ілгері жылжуын тоқтата алатын хәлге жетті», – делінген хабарламада.

«Украиндар жаудың терең тылына соққы бере отырып, оның шығыстағы қозғалысын тежей отырып және оңтүстікте жаңа осал жерлерін жасай отырып, соғыс әлеуетін титықтата түседі», – деп жазады басылым.

«Бұл стратегия өзінің нәтижесін береді. Әзірге украин әскерлері соғыста айтарлықтай территориялық жеңістерге жетпегенімен, оларға Ресейдің ілгері жылжуын баяулатудың орайы келді», – деп баяндады газет.

Мақала авторлары Украинаның соғыста бетбұрыс жасаудан үмітті екенін, оған мүмкіндік те, себеп те бар екенін жазады. Украин әскерлері, әсіресе, Херсон жерінде біраз өзгерістер жасауға тиіс.

«Украинның жолы күн санап айқындалып келеді, ол әскерлердің оңтүстікте бірте-бірте соққыны арттырып, жау нысаналарын дәл соғуларынан көрініс табуда», – деп жазады газет.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button