ЖаһанҚоғам

Қытай АҚШ-пен әскери байланысын тоқтатуға шешім шығарды

 БЕЙЖІҢ. 5 тамыз. Қытай басшылығы АҚШ-пен арадағы әскери байланыстарды үзу жөнінде қаулы қабылдады. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

«Бейжің АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде бірлескен қытай-америка ынтымақтастық бағдарламаларының бірқатарын тоқтатты. Елдің сыртқы істер министрлігінде Бейжіңнің америкалық делагациялардың өз территориясының бір бөлігі санайтын аралға келулеріне бірнеше рет қарсылық білдірілгені еске алынды», – делінген хабарламада.

Бейжің осының ретінде Қытай және Америка әскери театрлары басшыларының келіссөздерін, екі елдің Қорғаныс министрлері өкілдерінің жұмыс кездесулерін, сондай-ақ теңіздегі қауіпсіздік жөніндегі Қытай-Америка консультациялық механизмі отырысын жоққа шығарады.

Бұларға қоса, бірнеше бірлескен бағдарлама тоқтатылды.

Бұдан бұрын Қытай билігі Пелосидің сапарын «арандатушылық жексұрын қылық» деп атаған еді. Бейжің осыған байланысты шенеунік әйелдің өзі мен оның жақын туған-туыстарының бәріне қарсы санкция енгізді.

Пелоси аралдан кеткен бойда Бейжің Тайванның төңірегіндегі әуе және теңіз «блокадасы» имитациясы негізінде әскериоқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Бұдан бөлек, Бейжің аралға табиғи құм жеткізуге және ол жақтан балықтың екі түрі мен цитрусты мәуелерді шығаруға тыйым салды.

ҚХР үкіметі осылардың қатарында Тайвань демократиялық қоры пен Халықаралық ынтымақтастық және даму қорына қарсы санкция салды. Бұл құрылымдар «тайваньдық сепаратистерге қолдау көрсеткендері және Қытайға жала жапқандары» үшін жазаланып отыр, деп түсіндірді Бейжіңдегілер.

Суретте: Тайбей аэропортында Нэнси Пелосиді шығарып салу

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button