Украинада HIMARS оккупанттардың 50 қару-жарақ қоймасын құртты
КИЕВ. 25 шілде. Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников Америкадан жеткізілген HIMARS жүйесінің жаудың 50 қару-жарақ қоймасын жойып жібергенін айтты. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Мұның бәрі Ресейдің логистикалық тізбегін үзіп тастап, олардың белсенді ұрыс қимылдарын жүргізу, біздің қарулы күштеріміздің күшті артиллериялық атқылауларын жауып тастау мүмкіндіктерінен айырады», – деді министр.
Бұған дейін УНИАН жазғандай, АҚШ әзірге Украинаға 300 шақырым қашықтыққа дейін атқылайтын HIMARS снарядтарын беруге дайын емес. Вашингтон бұдан Үшінші дүниежүзілік соғыстың тұтанып кетуінен қорқады.
Сонымен бірге, Украина президенті офисінің басшысы Ондрий Ермак Украинаның өз одақтастарынан 25-30 дана HIMARS пен MLRS алатын болып келісімге келіп жатқанын баяндады.
Қазір Украина Қарулы күштері Ресей позицияларын атқылауда қашықтығы 80 шақырымдық HIMARS снарядтарын қолданып жатыр. Құрама Штаттар бұған дейін Украинаға 12 осындай жүйе жеткізіп берген еді, енді осы аптада тағы сондай 4 қондырғы әкелінеді. Жалпы, АШ пен оның одақтастары басында 20-дан астам осындай жүйе бермекші болып уәде еткен.
Ал бүгін Украина Германиядан өздігінен жүретін «Гепард» зенитті қондырғысының (суретте) алғашқы партиясын алған. Бұл жолы оның үшеуі келді.
«Бүгін Gepard қондырғысының алғашқы үшеуі келді. Бұл – бірнеше ондаған мың патрондары бар зенитті ракета кешендері», – деді Резников.