Путин Орбанға Закарпатьені Венгрияға сыйлауға уәде берген
КИЕВ. 25 шілде. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан РФ президентінің Венгрияға Закарпатьені бермекші болып уәде еткенін мәлімдеді. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
«Венгрияның премьер-министрі Украинадағы соғысқа қатысты әңгіме айтып, тағы да басы дауға қалды», – делінген хабарламада.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдемесінің жанжалды болатыны, ол РФ президенті Владимир Путиннің өзіне қолдау көрсеткені үшін оған Украинаның бір бөлігі – Закарпатье аймағын беруге уәде еткенін баяндады.
Ресейдің оппозициялық саясаткері және құқық қорғаушы Марк Фейгин «24 канал» эфирінде осындай пікір білдірді.
Ол Орбанның мұндай алуан түрлі сызбаларға «еніп кеткеніне» сенімді.
«Оккупанттар халық Ресейдің ақыр соңында өздеріне тыныштық беріп, кетіп қалуын қалайтынын ұғынуға қабілетсіз. Ал қуыршаққа айналып кетті немесе «Батыстың астына жата қалды» деп айыптау – кезекті сандырақ. Ой, Батысқа қалай кіріп кетіпті? Бір жақсысы, Батыс украин жеріне басып кірген жоқ, Бучада балаларды өлтірген жоқ, тек ақшамен көмектесіп жатыр. Олай болса, Украина неге Батысты одақтас ретінде таңдамауы керек? Енді кімді таңдайды? Мәскеуді ме?», – деді ол.
Еске сала кетейік, күллі Еуроодақ елдері ішінде оның саясатына қарсы келіп, Ресеймен арадағы байланысын үзгісі келмей жүрген тек Венгрия премьер-министрі ғана. Жақында ғана Виктор Орбан Батыстың санкциялары Ресейге түк те әсер етіп жатқан жоқ, қайта күшейте бастады, санкция құр далбаса болып шықты, деген мазмұнда бірнеше рет әңгіме таратты. Ол сондай-ақ Украинаның бұл соғысты бастан кешпеуіне әбден болатын еді, деген сыңайда да мәлімдеме жасады. Онысы Ресейдің айтқанына көніп, айдауына еруді білдіретіні айтпаса да түсінікті еді.