Шойгу: Мен ол кезде Кеңес Одағы қалатынына сенімді болдым (видео)
МӘСКЕУ. 20 шілде. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 14 шілдеде Оңтүстік Осетияны басып алудың отыз жылдығына арналған жиында Кеңес Одағының қайта орнайтынына сенімді болғанын айтты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
«Бұл Ресей Федерациясының 1992 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Осетияда басталып, бір деммен өте тез аяқталған бірінші бітімгершілік операциясы болатын», – деді ол.
«Бұл бірнеше күннің ішінде барлық күштік құрылымдардың өкілдері кірген комиссия құрылған ерекше тірлік болды. Мен сонда мемлекеттік комитет, қорғаныс министрінің орынбасары, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, федералды қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары кірген Төтенше жағдайлар қызметі министрлігінің болашағы жайлы айтып отырмын. Барлығы тастүйін болып жиналып еді», – дегенді қосты сосын Шойгу.
Ол сол операцияға қатысқандардың бәрін құттықтап, мұның «біздің еліміз үшін сол кездегі үлкен, маңызды, қажет жұмыс» болғанын атап өтті.
«Сонымен бірге мен, – айрықша менің тұстастарым, – біз мұның бәрінің уақытша нәрсе екеніне, еліміздің қайтадан үлкейіп және күшейіп, Кеңес Одағын қайта құратынына, ештеңенің ешқайда кетпейтініне, ондағы барлық халықтардың келісіммен және татулықпен өмір сүре беретініне шексіз сенімді болдым», – деді Шойгу.
Шойгу жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар жағдайында соғысушы екі тараппен де, ресми билікке бағынудан бас тартқан заңсыз қарулы құрылымдар лидерлерімен де келіссөз жүргізуге тура келгенін атап өтті. «Жасырмаймын, өте қиын болды. Бірақ нәтижесі соған лайықты еді – Ресей сол жолы Оңтүстік Осетия халқының қырылып кетуіне жол бермеді», – деді министр.
«Оның бәрі тарих болып қалды. Мен енді мұндай оқиғалардың іс жүзінде енді ешқашан және еш жерде қайталанбауын қалаймын», – деп сөзін түйіндеді ол.
Оңтүстік Осетиядағы соғыс 1991 жылғы 5 қаңтарда басталды. Ал 1992 жылғы 14 шілдеде Ресей, Грузия және Осетия аумақтарынан бөлінген үш батальоннан құралған бейбітшілік орнатушы аралас күштер құрамы жанжал аймағына кірді. Шойгу ол кезде грузин-осетин жанжалын реттеу жөніндегі аралас бақылаушы комиссияның тең төрағасының бірі еді.
Түпнұсқа:
Шойгу назвал миротворческую операцию в Южной Осетии уникальным опытом
МОСКВА, 14 июл – РИА Новости. Первая миротворческая операция Российской Федерации, которая началась 14 июля 1992 года в Южной Осетии, была проведена на одном дыхании и стала важной для страны работой, заявил министр обороны РФ генерал армии Сергей Шойгу.
«Эта первая миротворческая операция была сделана на одном дыхании, очень быстро», – сказал министр на мероприятии, посвященном 30-летию миротворческой операции по урегулированию грузино-осетинского конфликта.
«Это уникальный опыт, когда за несколько дней была создана комиссия, в которую вошли представители всех силовых структур. Я имею в виду будущее МЧС, тогда госкомитет, заместитель министра обороны, первый заместитель министра внутренних дел, первый заместитель ФСБ. Все это было собрано воедино», – добавил Шойгу.
Он поздравил присутствующих участников той операции, отметив, что «это большая, важная, нужная для нашей страны в тот момент работа».
«В то время, я уверен абсолютно, особенно моё поколение, мы были абсолютно убеждены в том, что все это временно и наша страна опять будет большой и сильной, и опять будет Советский Союз, и никто никуда не уйдёт – все будут жить в мире и согласии», – заявил Шойгу.
Шойгу рассказал, что в условиях продолжающихся вооружённых столкновений приходилось вести переговоры и с представителями обеих конфликтующих сторон, и с лидерами незаконных вооружённых формирований, которые отказывались подчиняться официальным властям. «Не скрою, было сложно. Но результат того стоил – Россия не дала истребить народ Южной Осетии», – сообщил министр.
«Я очень хочу, чтобы все эти события действительно были историей и никогда больше не повторились», – заключил он.
Южноосетинская война началась 5 января 1991 года. 14 июля 1992 года в зону конфликта были введены смешанные силы по поддержанию мира в составе трёх батальонов — российского, грузинского и осетинского. Шойгу тогда был сопредседателем смешанной контрольной комиссии по урегулированию грузино-осетинского конфликта.