Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин соғыс ардагерлеріне 75 мыңнан береді

МӘСКЕУ. 18 қаңтар. Ресей президенті Владимир Путин елдегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрбіріне Жеңістің 75 жылдығы құрметіне 75 мың рубль көлемінде ақшалай сыйлық беретінін жеткізді. Бұл туралы kremlin.ru хабарлады.

Мемлекет басшысы мұны бүгін ардагерлермен және қоғамдық патриоттық ұйымдар өкілдерімен кездесу кезінде айтқан. Ол өз сөзінде бүгін ұйқыдан оянған бойда Жеңістің 75 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлеріне 75 мың теңгеден беру керектігі ойына оралғанын білдірген.

«Мұндай сомадағы ақшаны ардагерлер мен соларға теңестірілгендер алады, ал тыл еңбеккерлеріне 50 мың рубльден беріледі», – деді Ресей президенті.

Путин сонымен бірге әдетте Жеңістің кезекті тойы кезінде ардагерлерге 10 мың, тыл еңбеккерлеріне 5 мың беріліп келгенін еске салды. Бірақ бұл жолы айтулы дата болғандықтан, сыйлық мөлшері күрт көтерілгелі тұр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button