Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

АҚШ-та Украинаға жау территориясын атқылау ұсынылды

ВАШИНГТОН. 12 шілде. АҚШ-та Украинаға Ресей мен Беларусь территорияларын атқылауға рұқсат беру ұсынылып жатыр. Бұл туралы Times Moskow News хабарлады.

«Украинаға Ресейдегі, Беларусьтегі және Қырымдағы әскери нысандар бойынша соққы беруге рұқсат ету қажет», – деді Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі комиссияның («АҚШ-тың Хельсинки комиссиясы») жемқорлықпен күрес және санкциялар жөніндегі аға саяси кеңесшісі.

Ол Ақ үйден Украин армиясына дүркін отты HIMARS реактивті жүйесін көптеп беруді талап етті. Сондай-ақ қашықтығы 300 шақырымнан асатын РСЗО снарядтарын берудің маңызы зор екенін айтты.

Украинаға Американың HIMARS жүйесінің алғашқы легі 23 маусымда жеткізілді. Келесі әскери траншпен тағы төрт осындай қару әкелінеді. Осыған қатысты жарлықты АҚШ президенті Джо Байден 9 шіледе шығарды. Сол кезде жаңа пакетті қоса есептегенде, Украинада осындай 12 жүйе болады. Әзірге оның қашықтығы 80 шақырымның маңайында болып тұр. Қашықтықты оған салынатын снарядтардың маркасы шешеді.

Ал қару өзінің дәлдігімен таңғалдырып жатыр. Америкалық HIMARS қаруының арқасында украин әскерилері екі аптаның ішінде жаудың 10-нан астам қару-жарақ қоймаларын жойып жіберген. Тек соңғы тәуліктерде ғана оккупанттарға 30 соққы берілген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button