Бақауов жұмыс бабымен Павлодарда жүр
ПАВЛОДАР. 16 қаңтар. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Павлодарда жұмыс бабымен болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметіне сүйенген ҚазТАГ хабарлады.
«Қазіргі таңда Павлодар облысының әкімдігі қалыпты режимде жұмыс істеуде. Облыстың бүкіл басшылығы жұмыс орнында, жалғыз мәселе – облыс әкімі қазір әкімдік ғимаратында емес, ол қазір Павлодар қаласында жұмыс бабымен (жүр – ҚазТАГ), – деді сәрсенбіде журналистерге Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет.
Айта кету керек, бүгін әкімшілікте екі алқа отрысы жоспарланған болатын, олар жойылды.
«Павлодар облысы әкімдігінде мүгедек тұрғындармен кездесуге байланысты, 16 қаңтарда туризм және спортты дамыту департаментінің алқалары, сондай-ақ қоғамдық даму және ақпарат басқармасы және мәдени бөлім, тіл және мұрағатты дамыту бөлімінің алқа отырысы болмайтын болды. Алқалар күні кейінірек белгілі болады », – делінген Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, 15 қаңтарда ҚазТАГ ХАА Екібастұз әкімдігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, әкім Бақауовтың Екібастұздағы жоспарланған шараға келмегенін және оның көмекшілерінің біреуін ҰҚК қызметкерлері ұстағандығы туралы ақпарат болған кезде хабарлаған болатын. Алайда арнайы қызметтердің өздері, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми растамады. Агенттіктің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі облыс әкімінің уақытша ұстау изоляторына және Павлодардағы тергеу изоляторына жеткізілмегенін айтты.
Кейін әкімшіліктен бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жедел хабарламаларда таратылған Павлодар облысы әкімінің ұсталғандығы және жауап алынғаны туралы аудио жазбалар мен хабарламаларға түсініктеме берді. Баспасөз қызметі «қазіргі уақытта бұл ақпарат ресми расталмай отыр» деп атап өтті. Сондай-ақ әкімшіліктегілер «ресми деректер пайда болғанға дейін қорытындылардан аулақ болуды» сұрады.
Сол күні жағдаймен таныс дереккөз агенттікке Бақауов пен оның кеңесшісінің облыстың Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратында болғанын айтты. Ол Бақауовтың кеңесшілерінің қайсысы әкіммен бірге ҰҚК ғимаратында болғанын көрсетпеді, бірақ «кеңесші әйел» деді. Айта кету керек, ұзақ уақыт бойы Татьяна Фишер Бақауовтың жалғыз әйел кеңесшісі болып табылады.
Болат Бақауов 2016 жылдың наурызында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған, ал бұған дейін – 2014 жылдың сәуірінен наурызына дейін – Павлодар қаласының әкімі, ал одан бұрын – 2011 жылғы қазаннан 2014 жылғы сәуірге дейін – Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі болған.