Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Мемлекеттік дума Мишустинді қолдады

МӘСКЕУ. 16 қаңтар. Бүгін Ресейдің Мемлекеттік думасы премьер-министр орынтағына ұсынылған Михаил Мишустиннің кандидатурасына қолдау білдірді. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

Ашық дауыс беру процесінде оның кандидатурасын 383 депутат қолдады, ешкім қарсы болған жоқ, 41 заң шығарушы қалыс қалды.

Процедура алдында «Единая Россия» фракциясы Мишустинге бір ауыздан қолдау көрсетті, «Справедливаяя Россия» фракциясы да осы позициядан шықты. Бұдан басқа, Владимир Жириновский де ЛДРП депутаттарының кандидатураны қолдайтынын жеткізген еді. Ал КПРФ қалыс қалды.

Мишустин өзінің жауап сөзінде өзіне сенім білдірген президент Владимир Путинге, өзін қолдаған Мемлекеттік дума депутаттарына алғыс айтты. Ол сәуір айында Үкімет Мемлекет дума алдында есеп берген кезде Министрлер кабинетінің жаңа бағыты жөнінде жан-жақты айтып беретінін жеткізді.

Михаил Мишустин 1966 жылы 3 наурызда Мәскеуде туған. 1989 жылы Мәскеу станок құралдары институтын бітірген. Мемлекеттік қызметке 1998 жылы алғаш рет мемлекеттік салық қызметі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған кезінде келген. 2007-2008 жылдары Айрықша экономикалық аймақтар басқармасы жөніндегі федералды агенттікті басқарған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button