Украинадағы соғыс: астролог оның бұрылысты сәтін атады
КИЕВ. 30 маусым. Астролог Влад Росс Украинадағы соғыс қай кезде бетбұрысты кезеңге жететінін баяндады. Бұл туралы УНИАН хабарлады.
Көріпкелдің болжауынша, биылғы шілденің соңы мен тамыздың басында Марс пен Уранның бір-бірімен біріккен уақытында Украинадағы соғыс ең күрделі күндерді бастан кешеді.
«Ресейдің тұмсығы тасқа соғылады, Украина аяусыз қарсы шабуылдарға шығуды бастайды, сосын біржақты шабуылды қолға алады», – деп ойын білдірді астролог «Знай 24» эфирінде сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, қыркүйектің 4-нен бастап Украинада жақсы ахуал орнайды, бұл уақытта басқыншылардың жеңілетіндері айқындалып қалады.
«Әрине, бұл мерзімге дейін біраз нәрсе болады. Әрине, шілденің соңы мен тамыздың басында әлдеқандай бір «Курск доғасын» күте беріңіздер, украиндар оккупанттарды қатты қақпанға түсіреді», – деді Росс.
Жүргізушінің Украина бұл соғыста қандай жолмен жеңеді, соғыспен бе, әлде саяси келісіммен бе, деген сұрағына астролог қыркүйекке дейін келіссөздің бола қоюы неғайбіл, бұдан кейін украиндар оған бара да қоймайды, жұлдыздар жеңістің соғыс арқылы келетінін көрсетіп тұр, деп жауап береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін астролог Анна Карпеева Украинадағы соғыстың жаңа бетбұрысты нүктесі шілденің соңы мен тамыздың басына тура келетінін болжаған болатын. Айтуынша, осы соғыстың шарықтау шегі болады.