G7 елдері Украинаға РФ-мен соғыс біткенше көмек беруге келісті
БЕРЛИН. 27 маусым. «Үлкен жетілік» елдерінің лидерлері Украинаға РФ-мен соғыста үздіксіз көмек беру жөнінде ортақ келісімге келді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
«Үлкен жетілік» елдерінің лидерлері саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Украинаның Ресей басқыншылығынан өзін қорғауы үшін үздіксіз қолдау көрсетуді өз міндеттемелеріне алатындарын атап көрсетті», – делінген хабарламада.
«Біз Украина тарапына қанша және қашанға дейін қажет болғанынша қаржылық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық қолдаулар көрсетіп тұруды жалғастыра береміз», – делінген құжатта.
Мұндай тұжырымның қазіргідей жекелеген елдердің, атап айтқанда, Германия мен Францияның әлі де Ресейге қарап алаңдап отырған жағдайында зор мәні бар.
Белгілі болғандай, жексенбі күні Баварияның Альпі тауларының етегіндегі Эльмау замогына АҚШ, Канада, Германия, Франция, Британия, Италия және Жапония мемлекеттерінің лидерлері келді.
Саммит алдында Ұлыбритания прмеьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қолдау көрсетуді әлсіретіп алудан сақтандырды.
Бұдан басқа, жиын аяқалғаннан кейін Джонсон француз президенті Эммануюэль Макронмен кездесіп, екеуі Украинадағы соғыста бетбұрысқа қол жеткізу үшін агрессорларға қарсы бірлескен қимылды күшейту керек екені жөнінде келісімге келді.