Литва Ресейдің агрессиясына қарсы соғысқа дайын екенін білдірді
ВИЛЬНЮС. 27 маусым. Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас Петербургте болған Путин мен Лукашенконың әңгімесінен кейін соғысқа дайын екендерін мәлімдеді. Бұл туралы литванның delfi.lt сайты хабарлады.
Рас, ол соғысқа Литвамен бірге НАТО-ның да дайын екенін қосып айтты. Оның жөні Литва Солтүстік альянстың бір мүшесі болып табылады.
«Владимир Путинің Батысқа ұдайы шантаж жасап келе жатқанын баяндаған Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас енді соғыс шантажын жасауды да ұмытпай, қайта бастады дей келіп, бірақ бұған Литва мен НАТО-ның дайын екенін мәлімдеді», – делінген хабарламада.
Литва Қорғаныс министрі «Бұл жолы Беларуське таяу айларда ядролық оқтұмсықтармен жарақтандырылған СУ-25 ракеталары мен «Искандер-М» тактикалық ракета кешенін беретінін айтып, Лукашенконы елеңдетіп қойды», – деп жазды твиттерде.
Расында Санкт-Петербургте жақында өткен кездесулері кезінде Путин мен Лукашенко арасында осындай әңгіме болған. Сол жолы Беларусь президенті Литваның Калининградқа баратын темір жолды жауып тастауы Ресейге соғыс жариялағанымен бірдей екенін айтып, Кремль көсемінің намысын бір қайрап қойған.
Бірақ бұлардың қоқан-лоқысынан Литва қорқайын деп отырған жоқ.
«Әзірге НАТО Литваға ПВО жөнінде жаңа шешім қабылдай қоймады. Алайда, арсеналдың ассиметриялық тәсілмен толтырылатынын күтуге болады. Мәселен, M142 HIMARS ракета кешені келтірілуі мүмкін», – деп жазды Аншаускас .