Қарқаралыда табиғи себеппен тұтанған өртті сөндіру жалғасуда
ҚАРАҒАНДЫ. 26 маусым. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жалғасып жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Аудан аумағындағы ормандарда өрттің екі ошағы пайда болған. Оларды сөндіру жер үстінен және әуеден әсер ету тәсілдері бойынша жүргізілуде.
«Өртті жою жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ департаменті, өртке қарсы ерікті құрылымдар, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, полиция, «Алтай Полиметалы» ЖШС күштері мен құралдары, барлығы 233 адам және 45 техника бірлігі жұмылдырылған.
ҚР ТЖМ суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмылдырылды. Барлығы 70 су ағызу жүзеге асырылған.
Төтенше жағдайды жою аймағында жедел штаб жұмыс істеп тұр.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 гектарды құрайды.
Қиын таулы-жартасты жерлердегі өртті сөндіру маңайда су қоймаларының болмауына, сондай-ақ осы атырапта қатты және ауыспалы жел тұрып кетуіне байланысты күрделі болып отыр.
Өртті өндіру үшін су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылған.