Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украиндар «Химарспен» РФ командалық пунктін тас-талқан етті

КИЕВ. 26 маусым. Украина Қарулы күштер АҚШ-тан келген HIMARS қаруымен Ресей армиясының Изюмдегі командалық пунктінің тас-талқанын шығарды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары Украина Қарулы күштері ресейліктердің Харьков облысының Изюм қаласындағы мектепте орналасқан командалық пунктін қалай тас-талқан етіп жойып жібергенін видеодан көрсетті.

Басылым мәліметінше, мұндағы бірінші видеода РФ Қарулы күштерінің Воронеждегі Батыс әскери округі 20-шы армиясының командалық пунктінің қалай жойылғаны түсірілген. Екінші видеода – РФ Қарулы күштері десант жауынгерлерін басқару пунктінің жермен-жексен етілгені бейнеленген.

Америкалық дүркін-дүркін отты HIMARS реактивті жүйесі украин жерінде іске қосыла бастады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button