Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика
Қытай Ресейге машина беруді біртіндеп азайтып келеді
БЕЙЖІҢ. 22 маусым. Қытайдың автоконцерндері Ресейге автомобильдер беруге оншалықты құштар болып отырған жоқ. Бұл туралы «Коммерсантъ» газеті жазды.
Батыс елдерінің машина өнеркәсібі санкциялар салдарынан Ресейге көліктерін бермей қойды. Ал Қытай сәуір айынан бері логистиканың күрделілігі мен сұраныстың төмендігінен жеңіл автомобильдер мен босалқы бөлшектер импортын азайтып келеді.
Қытай кеденінің статистикасына сәйкес, ҚХР наурыз айында Ресейге 190,7 млн доллардың жеңіл автоларын жеткізсе, мамыр айында ол бар-жоғы 32 млн ғана болған. Бірінші кезекте
Chery, Changan және басқалары.
Украинадағы соғыс салдарынан Ресейдегі 20 автозауыттың көпшілігі жұмысын тоқтатқан. Қазір елде тек 2 зауыт қана жұмыс істеп тұр.