Егер Ресей басып кірсе, Финляндия онымен соғысуға дайын
ХЕЛЬСИНКИ. 22 маусым. Финляндия Қорғаныс күштерінің қолбасшысы генерал Тимо Кивинен Ресей әскерлері басып кіретін болса, онымен соғысуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Финляндия Ресеймен соғысқа ондаған жылдар бойы дайындалды және егер ол бола қалса, аяусыз қарсыласып бағады. Елде әскери техниканың айтарлықтай арсеналы жинақталып қалды, бұған қоса финдердің соғысуға өз мотивтері бар», – деді ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Генералдың пікірінше, НАТО-ға кіру елге қосымша қауіпсіздік береді.
«Ең маңызды қорғаныстың желісі – екі құлақтың арасында. Мұны Украинадағы соғыс көрсетіп беріп отыр», – деді Кивинен украиндардың Ресей агрессиясына тайлы-таяғы қалмай қатты қарсыласып жатқанын ишаралап. Мұнда ол сонымен бірге мергендердің көп рөл атқаратынын да білдіріп отыр.
Генерал осы жерде 1940-шы жылдары Финляндия өзінің шығыста 1300 шақырымдық жалпы шекараны бөлісіп жатқан ежелгі жауымен екі соғыс өткізгенін еске түсірді. Бұл соғыстарда солтүстіктегі ел өзінің 100 мың адамынан және территориясының оннан бір бөлігінен айырылып қалды.
Финляндия мұны ұмыта қойған жоқ. Сондықтан Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін ұстап келеді.
«Біз қазір тура Украинада болып жатқандай соғыстың от шашатын қаруларды, бронетехникаларды, сондай-ақ әуе күштерін жаппай қолданатын түрін жоспарлы мақсатта дамытып отырдық», – деді Кивинен.
Ол 5,5 млн тұрғыны бар Финляндиядағы әскери қызметкерлері санының 280 мың екенін, бұдан басқа тағы 870 мың адамның резервшілер ретінде дайындықтан өткенін баяндады. Бұған қоса, Финляндия қырғи-қабақ соғыстан кейін батыстың көп елдеріндегі сияқты ер кісілердің бәрін әскерге шақыруды қою тәртібіне көшкен жоқ.
«Қорғаныс министрлігі 18 мамырда жүргізген сауалдама қажет бола қалған жағдайда Финляндия тұрғындарының 82 пайызы қолдарына қару алып, отан қорғауға шығуға дайын екенін көрсетті», – деді Тимо Кивинен.
Фин мемлекеті Еуропадағы ең қуатты артиллерияның бірін жасап шығарды. Оның қанатты ракеталары 370 шақырымдық қашықтыққа дейін барады. Ел жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын қорғанысқа жұмсайды. Мұндай жоғары көрсеткіш НАТО-ның бірде-бір елінде жоқ.
Хельсинки қазір төрт жаңа әскери кемеге, сондай-ақ Американың Lockheed Martin қорғаныс алыбының 64 дана F-35 истребителіне тапсырып беріп отыр. Сол сияқты 2000 дана беспилотник сатып алмақшы. Өзінің жоғары зенит техникасын Ресеймен шекараға қойып, қорғаныс жүйесін қалыптастырып жатыр.