Украина мен Молдова Еуроодаққа кандидат болып қабылданды
БРЮССЕЛЬ. 24 маусым. Еуропа кеңесінің лидерлері бас қосқан саммитте Украина мен Молдованың кандидаттық статусы мақұлданды. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Еуропа кеңесі Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат статусын беру керек деп шешті. Бұл – тарихи мәуріт. Бүгін біздің ЕО-ға жолымыздың шешуші қадасы жасалды. Осыған байланысты Владимир Зеленский мен Майя Сандуды және Украина мен Молдова халықтарын құтттықтаймын. Біздің болашаққа бағытталған армандарымыз бірге жасалады», – деп жазды Еуропа кеңесінің президенті Шарль Мишель Twitter-де.
Шешім 17 маусым күні Еуропа кеңесіне ұсынылған кепілдеме негізінде қабылданды.
«Бүгін Еуропа үшін сәтті күн болып жатыр. Украина президенті Владимир Зеленскийді, Молдова президенті Майя Сандуды және Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвилиді құттықтаймын. Сіздердің елдеріңіз біздің еуропалық отбасының бір бөлігісіздер. Бүгінгі тарихи оқиға осыны айғақтайды», – деп мәлімдеді Еурокомиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен.