Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Тоқаев Қазақстанға тиісетін ресейліктерге наразылық білдірді

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 18 маусым. Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір ресейлік депутаттардың Қазақстанға жөнсіз соқтығысатындарына наразылығын білдірді. Бұл туралы РБК хабарлады.

«Ресейдің бірқатар депутаттары, журналистері және өнер қайраткерлері Қазақстан мәнзіліне барынша негізсіз сөздер айтуға жол беріп келеді», – деді экономикалық форумның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Мүмкін мұным орынсыз да шығар, сонда да болса, мен осы мінбені пайдалана отырып, Қазақстан мәнзіліне барынша жөнсіз сөздер, дұрыс емес сөздер айтатын, бірқатар депутаттарға, тағы айтар едім, журналистерге және тіпті мәдениет қайраткерлеріне наразылық білдіргім келеді», – деді ол нақты мысалдарға тоқтала қоймай.

Ол Владимир Путиннің форумның пленарлық отырысы барысында Ресей басшылығының Қазақстан мен басқа елдерге деген позициясының «мүлтіксіз қалыпта» екенін білдіргенін атап өтті.

«Шындығында да бізде әлдеқандай бір тәсілдермен қоқсық шығара отырып, халықтарымыз арасына жаулық дәнін себетіндей еш мәселе жоқ», – деді Тоқаев.

Осыдан кейін ол өзі тағы атап өткен ресейлік депутаттар мен журналистердің бұл әрекеттері «оншалықты түсінікті емес» деген тұжырым айтты.

«Былайынша айтқанда, сонда Қазақстан басшылығының шешімдері мен оқиғаларға таң қаларлықтай түсіндірмелер жасайтын бұл қайраткерлер кімнің диірменіне су құйып жүр?», – деп бір тұқыртып өтті.

Осы жерде отырысқа қатысып отырған Владимир Путин сөзге араласып, Ресей мен Қазақстанның арада пайда болған кез келген проблемаға қатысты шешімді таба алатынын мәлімдеді.

Биылғы жылғы қаңтарда Мемлекеттік думаның депутаты Султан Хамзаев Қазақстанды Ресейге «қосу» мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды. Ол өзінің Facebook-тегі парақшасында «Орталық Азия – орыстың жері» деп жазды.

Наурыз айында Мосгордуманың коммунистерден сайланған депутаты Сергей Савостьянов Қазақстан мен басқа да бірқатар елдерді «демилитаризация» және «денафикация» жасалатын аймаққа енгізу мәселесін алға тартты. Осы ұсыныс жазылған құжат Мосгордуманың бланкісіне басылған нұсқасы Facebook-те жарияланды.

Бұдан бөлек, Қазақстан билігін Тигран Кеосаян біраз сынады. Ол өзінің YouTube-каналында Қазақстанның Батыс пен Ресей арасындағы текетіресте өзінің ашық позициясын білдірмей отырғанына ашу-ыза білдірді. Бұдан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Кеосаянды елімізге келуге болмайтын адамдардың тізіміне енгізді.

Ал Петербургтегі сессияда модератор болып, Тоқаевқа сұрақ қойып отырған Маргарита Симоньян сол Кеосаянның әйелі еді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button