Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украин армиясы кеше РФ-ның бірнеше бөлімшесін жойып жіберді

КИЕВ. 18 маусым. Украина Қарулы күштері өткен тәулікте Ресейдің бірнеше әскери бөлімшесін талқандады, негізгі ұрыстар үш бағыт бойынша жүріп жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украинаның шығысында Ресей басқыншылары бірнеше бағыт бойынша шабуылға шығуда, олар украинның қорғаныс күштері позициялары мен азаматтық нысандарын артиллериядан атқылауда. Жау Северодонецкіге шабуылды жалғастырды, бірақ онда ешқандай табысқа жеткен жоқ. Қала үшін шайқас кескілескен сипатта жүріп жатыр. Бас штабтың баянатына сәйкес, оккупанттар қазір сол маңдағы Лисичанск, Метелкино, Устиновка және Вороново елді мекендерін басып алуға да әрекет етуде, бірақ оларынан ештеңе шығатын емес.

«Украина Қарулы күштерінің кеше атқылаулары нәтижесінде жаудың 1-ші армия корпусының 11-ші жеке мотоатқыштар полкының бір бөлігі жойылып кетті, соның салдарынан ол қатарын толықтыру үшін ұрыс алаңын тастап шықты», – делінген Бас штаб хабарламасында.

Украинаның Польшада америкалық артиллерияларды атып үйреніп жүрген солдаттары оқуларын аяқтады. Енді елге келіп, АҚШ пен Британия берген дүркін-дүркін отты артиллерия жүйесі арқылы жауды атқылауға кірісетін болады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button