Тоқаев Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындамайтынын айтты
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 17 маусым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Донецк және Луганск халық республикалары дегендерді неге мойындамайтындарын айтты. Бұл туралы Fontanka.ru хабарлады.
Ол Петербуг экономикалық форумында өзіне Украинадағы «арнайы операцияға» қатысты қойылған сұраққа орай бұл мәселе жөніндегі пікірін білдірді. Сұрақты RT-ның бас редакторы Маргарита Симоньян қойды.
«Қазіргі заманғы халықаралық құқық бұл – БҰҰ-ның жарғысы. Бірақ БҰҰ-ның екі қағидаты біріне бірі қайшы келеді. Бұл – мемлекеттің тұтастығы мен ұлттың өзін өзі айқындау құқығы. Бұл принциптер біріне бірі қайшы келеді, олардың әртүрлі түсіндірмелері бар», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, егер ұлттардың өздерін өздері айқындауларын жүзеге асыра беретін болса, жер бетінде тағы 500-600 мемлекет пайда болып, нағыз хаос орнайды. Міне, тап осындай себептен Қазақтан ДХР мен ЛХР-ды мойындай алмайды.
«Біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияна да, Абхазияны да мойындамаймыз. Мұнда көзқарастың, біздің ойымызша, қазіргі таңда квазимемлекет болып отырған Луганск мен Донецкіге де қатысы бар», – деп жауап берді Тоқаев.
Қазақстан Президенті Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысына байланысты нақты сұраққа шамалы күлтілдетіп жауап қайтарды.
«Турасын айтайын, бұл мәселеге қатысты әркімнің пікірі әртүрлі. Біздің қоғам ашық, азаматтық қоғамның кемеліне келгені көзге көрініп тұр, сондықтан әртүрлі пікір айтылады», – деді ол.