Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Украинада тағы бір Ресей генералының көзі жойылды

КИЕВ. 5 маусым. Бүгін Донбастағы Артемовск – Лисичанск трассасы бойында жүрген ұрыс қимылдары барысында Ресейдің генерал-майоры Роман Кутузов қаза тапты. Бұл туралы InformNapalm хабарлады.

Ресей насихатшылары да Украина жерінде тағы бір орыс генералының оққа ұшқанын өздерінің қайғылы посттарында жазды.

Алайда, РФ генералының қандай жағдайда қаза тапқаны ашып айтылып жатқан жоқ, тек қана «солдат сияқты, жауынгер сияқты болып кетті» делінген барлық жазбаларда.

Еске сала кетейік, АҚШ барлау қызметі мамыр айының басында Украинада 8-10 ресейлік генералдың опат болғанын хабарлап еді. Бұл – болжамды мөлшер болатын. Одан бері де бұл цифр өсті. Айталық, 24 мамыр күні УҚК-ның Су-25 ұшағымен жауынгерлік тапсырма орындауға шыққан генерал-майор Канамат Боташевті жойып жіберді.

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресейдің Украинада қаза тапқан және жарақат алған әскерилерінің саны 80 мыңға жететінін айтып отыр.

Украина жерінде РФ-ның төмендегі генералдары қаза тапты:

генерал-лейтенант Мордвичёв Андрей Николаевич – 8-ші гвардиялық жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 18 наурыз;

генерал-лейтенант Рязанцев Яков Владимирович – 19-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 25 наурыз;

генерал-майор Колесников Андрей Борисович – Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясының қолбасшысы, 11 наурыз;

генерал-майор Фролов Владимир Петрович – 8-ші армия қолбасшысының орынбасары, 16 сәуір;

генерал-майор Герасимов Виталий Петрович – Орталық әскери округі 41-ші жалпы әскерлер армиясы қолбасшысының бірінші орынбасары, 8 наурыз;

генерал-майор Суховецкий Андрей Александрович – Орталық әскери округі 41-ші армиясы қолбасшысының орынбасары, 1 наурыз;

генерал-майор Митяев Олег Юрьевич – 150-ші мотоатқыштар дивизиясының командирі, 16 наурыз;

генерал-майор Тушаев Магомед Салаудинович – Шешенстан ұлттық гвардиясы 141-ші моторлы полкының командир, 26 ақпан;

генерал-майор Симонов Андрей Дмитрович, Батыс әскери округі Радиоэлектронды күрес әскерлерінің бастығы, 29 сәуір;

генерал-майор Боташев Канамат Хусеевич, отставкада, 22 мамыр;

генерал-майор Кутузов Роман Владимирович, Шығыс әскери округі 29-шы жалпы әскерлер армиясы штабының бастығы, 5 маусым.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button