Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Зеленский Ресейді ЮНЕСКО сапынан шығарып тастауды ұсынды

КИЕВ. 4 маусым. Украина президенті Владимир Зеленский РФ оккупанттары Святогор лаврасын атқылағаннан кейін бұл терроршы елді ЮНЕСКО-дан шығарып тастауға тілек білдірді. Бұл туралы НВ хабарлады.

Кеше Ресей армиясы артиллериядан дүркін-дүркін атқылағаннан кейін ағаштан жасалған Жоғары әулиелі Святогор лаврасы өртеніп кетті.

Президенттің айтуынша, алғаш рет совет заманында бұзылған скит бұрын бір жөндеуден өткен екен, енді Ресей армиясы оны біржола жандырып жіберіп отыр.

Зеленский осыған байланысты оккупанттардың қандай нысандарды атқылап жатқандарын жақсы білетіндерін, соның ішінде Святогор лаврасы территориясында ешқандай әскери мақсаттағы нысан жоқ екенін де білетіндерін атап көрсетті.

«Олар онда сол кезде соғыс қимылдарынан тығылған 300 бейбіт тұрғынның, соның ішінде 60 баланың бар екенін білді. Соған қарамастан, оккупанттар Лавраны тура Донбасс секілді ерсілі-қарсылы атқылаумен болды. Украинаның қол жеткізуге болатын басқа кез келген терриориясы сияқты. Оларға нені күл мен үйіндіге айналдырса да бәрібір болып тұр ғой»,. – деді ол.

Владимир Зеленский Жоғарғы Рада ЮНЕСКО-ға үндеу жолдап, онда оккупанттардың Украинада отқа ораған әрбір шіркеуі, жарылысты бастан кешкен әрбір мектебі, қиратылған барлық мемориалдары үшін Ресейді осы халықаралық ұйымнан шығаруды талап еткенін еске салды. «Терроршы елге онда орын жоқ», – деді ол.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button