Украина: Изюм түбінде жаудың 35-армиясы түгелге жуық жойылды
КИЕВ. 4 маусым. Харьков облысындағы Изюм қаласы маңында Ресейдің 35-ші жалпы әскерлер армиясы оның командирлерінің біліксіздіктерінен түгелге жуық жойып жіберілді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы сондай-ақ өткен тәулікте РФ оккупанттарының Славянск бағытында шығынға ұшырағанын мәлімдеді. «Жау Славянск бағытында шабуылға шығып, ілгері жылжуға әрекеттер жасады, бірақ өзі шығынға ұшырады, ал Бахмутта украин бөлімшелерінің атқылауы астында қалып, кері шегінді», – делінген хабаламада.
РФ осы тұста шекараның белгілі бір учаскелеріне қысым жасау үшін Брянск және Курск облыстарының шекаралас аудандарында қарулы күштер бөлімшелерін арнайы ұстап отыр.
Слобода бағытында ұрыс қимылдары әлі жүріп жатыр. Харьков бағытында басқыншылар негізгі күштерді шекара маңына топтастыруда. Донецк бағытында түйісу желісі бойындағы Украина әскерлерін минометтен атқылау үстінде.