Германия да Украинаға заманауи қаруларын беруге уәде етті
БЕРЛИН. 2 маусым. Вильнюсте НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы өтіп, Альянстың барлық елдеріне Украинаға қару беру міндеттелгесін Германия да қару беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
Германия канцлері Олаф Шольц украин әскерлеріне орта қашықтықтағы IRIS-T SLM зенитті-ракета кешенін беретінін жеткізді. Аталмыш қару қазіргі заманғы ПВО-ның ең үздіктерінің бірінен саналады. Ол Киев секілді үлкен қалаларды қорғауға қолайлы.
Бірақ… Бундесвер резервінде бұл кешендер жоқ болып шықты. Сонда да қолданыста жүргендері жеткізіліп беріледі. Киев бұдан басқа да қарулар түрлерін алады.
Канцлер сондай-ақ Украинаға радар беретіндерін айтты. Ол жаудың гаубицаларын, минометтері мен ракеталық артиллерияларын анықтауға қабілетті.
Шольц бұдан басқа АҚШ-тың координация жасауымен дүркінді отты реактивті жүйелерді жібере алатынын, бірақ Украина жағы олармен РФ территориясын атқылауға тиіс емес екенін атап өтті.
Осымен бір мезгілде Украина Польшадан өз бетімен жүретін 60 Krab гаубицасын сатып алатын болып отыр. Бұған қоса, 18 «AHS Krab» артиллерия гаубицасын тағы алады.
Естеріңізге сала кетейік, осы кезге дейін поляк елі бар қару-жарақтары мен жанар-жағар майды тегін беріп келді. Соның ішінде 200 танк берген кезі де болған.