Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Британия АҚШ-тың артынша Украинаға ракета жүйесін жөнелтеді

ЛОНДОН. 2 маусым. Ұлыбритания АҚШ-тың артынан ізбе-із америкалық дүркінді отты M270 MLRS реактивті жүйесін жіберетінін мәлімдеді. Бұл туралы «Белсат» хабарлады.

Аталмыш қару 80 шақырымға дейін жетеді.

Британия Қорғаныс министрі Бен Уоллес бұл жайында CNN газетіне берген сұхбатында айтты.

Британия үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, америкалық M270 MLRS жүйесі Украианың «соғыстағы мүмкіндіктерін айтарлықтай көтеретін болады». Бұл қадам АҚШ-тың Украинаға М142 жүйесін беру жөніндегі шешімімен тығыз координация жасау негізінде жүргізілді.

«Ұлыбритания Украинаға қолдау көрсетеді, оның ержүрек жауынгерлеріне елді қорғау үшін өмірлік маңызы бар қаруларды жеткізіп тұруда жетекші рөл атқару міндетін өз мойнына алады», – деді Ұлыбритания қорғаныс министрі.

Бен Уоллестің айтуынша, «өте жоғары тиімділікті бұл дүркінді отты реактивті жүйе біздің украин достарымызға Путиннің қалаларды қиратуға бей-берекет қолданып келе жатқан алысқа ататын артиллерияларына қарсы қатаң жауап беруді қамтамасыз етеді».

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button