«Біз Северодонецкіде РФ әскерлерін қақпанға түсірдік» – Арестович
КИЕВ. 2 маусым. Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович украин жауынгерлерінің Северодонецкіні «жорта бергендерін» баяндады. Бұл туралы НВ хабарлады.
Кеңесші мұның бәрі алдын ала ойластырылған соғыс жоспары болғанын атап өтті.
«Без қаланы «беріп қойған» болып, Ресей әскерлерін Северодонецкіге қасақана алып келіп, қақпанға түсірдік. Қазір олар естерінен танып жатыр», – деп жазды ол Facebook-те.
Арестович Украина Қарулы күштері РФ армиясының авиация мен артиллерия жағынан әлдеқайда басым болғанына қарамастан, оккупанттарға қарсы соққы бергенін әңгімеледі.
«Біздердікі іс жүзінде қазір отты қару жағынан жаудың басым болғанына қарамай, олардың түте-түтесін шығарып жатыр. Ресей әскерлері құрамынан ерікті түрде қолға түскен алғашқы солдаттар да шықты. Бірақ басқыншылардың бәрінің бұлай жолдары бола қойған жоқ, қырылып қалғандары да аз емес», – деп атап көрсетті ол.
Бұған дейін Луганск облысы әскери әкімгершілігінің басшысы Сергей Гайдай Ресей оккупаттарының Северодонецкінің 80 пайызын, соның ішінде шығыс махалаларын басып алғанын мәлімдеген болатын. Кейінірек ол Украина жауынгерлерінің дұшпанды бірнеше көшеден қуып шыққандарын мәлімдеді.
Северодонецкінің мэрі қазір қалада 12-13 мыңдай ғана адамның тұрып жатқанын айтты.