Ресей ракета шығара алмайды, қоймадан керекті металл ұрланған
МӘСКЕУ. 28 мамыр. Ресей ракета шығара алмайтындай жағдайға жетіп отыр, себебі, оған қажетті титан металын белгісіз біреулер қоймадан ұрлап әкетіпті. Бұл туралы «Сегодня» хабарлады.
«Ресейде үлкен жанжал туды – «Тактикалық ракета қаруы» еншілес компаниясының Мәскеу түбіндегі Королево қаласында орналасқан қоймасынан жеті тонна титан ұрлған. Аталмыш шикізат агрессор-елдің ракета, соның ішінде «әуе-жер» және «әуе-әуе» текті қаруларды шығаруына ауадай қажет», – делінген хабарламада.
Құны 18 млн рубль (270 мың доллар) тұратын жеті тонна титан кәсіпорыннан белгісіз бір бағытқа әкетіліп қалған. Оны ұрылар жалған құжаттар арқылы қоймадан шығарған.
Қазір Ресей құқық қорғау органдары тексеруді бастады. Олар ең алдымен жалған құжатты анықтай алмаған күзетті тергеуге кірісті.
Ұрланған титанның авиақұрылыс, ғарыш өндірісі, сондай-ақ жерден ұшырылатын кез келген аппарат үшін өте-мөте қажетті металл екені айтылып жатыр. Онсыз бұл айтылған заттардың бірде-бірі жасалмайды.
«Демек, іс жүзінде тіпті де ойыншық қалайы солдатиктер шығармайтын Қорғаныс министрлігінің құзырындағы қоймаға кім көрінген кіріп, қалаған затын алып кете алатын болғаны ғой? Сосын біз тағы Сергей Шойгудың ведомоствосының материалдық базасы неге ескі екеніне таң қаламыз. Жаңасын ескірмей жатып тасып кететін болғаны ғой. Мынадай күзетпен», – деп жазыпты ресейлік журналистер.