Украинаға АҚШ-тың гаубицалары жеткізіліп, пайдаланылып жатыр
КИЕВ. 28 мамыр. Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников АҚШ-тың жаңа 155-мм САУ гаубицалары мен Harpoon ракеталары келіп жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Министр сонымен бірге М109 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларының да жеткізілгенін, қазір олардың бәрі майданда табысты пайдаланыла бастағанын айтты.
Оның мәліметінше, 155-мм артиллериясының М777 гаубицасы, FH70 гаубицасы, САУ CAESAR деген үш түрі келген.
Алексей Резников артиллерияның бұл үш түрі де майданның алдыңғы шебінде табысты пайдаланылып жатқанын жеткізді. «Наурыз айында мұның бәрі бізге ертегі сияқты болып көрініп еді. Міне, қазір ол кәдімгі шындыққа айналды», – деді ол.
Соңғы келіп жеткен қару-жарақтар қатарында сондай-ақ америкалық 100 дана БПЛА-сы (беспилотник) да бар.