АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Луганщина: Северодонецк қайтадан Украина туы астына көшті

КИЕВ. 29 мамыр. Луганск облысындағы Северодонецк үшін шайқаста РФ әскерлері кеше қайта шегініп, бұрынғы позициясына барып орнықты. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Северодонецк украин туы астында тұр, Ресей әскерлері «Мир» мейманханасынан ары жылжи алмай, айтарлықтай көп шығынға ұшырады», – деді Луганск әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай.

Бүгін РФ өзінің резервтері мен ескі техникаларын осылай қарай жинап, топтастырып жатыр.

Оккупанттар Оңтүстік Буг бағытында да зор шығынға ұшырады. Бұл бағытта украин әскерлері шабуылға шықты. Ал РФ әскерлері Курахово, Новопавловск және Запорожье бағыттарында азаматтық инфрақұрылымдарды атқылағаннан басқа белсенді қимылдарға бара алмады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button