Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Украина 1,5-2 айдан кейін кең ауқымды қарсы шабуылды бастайды

КИЕВ. 22 мамыр. Украина Қарулы күштері енді шамамен бір жарым не екі айдан кейін кең ауқымды қарсы шабуылды бастайтын болады. Бұл туралы DonPress хабарлады.

Шабуыл, тегі, Донбастан бастау алатын шығар. Осылайша украин армиясы Ресейдің ішкері кіріп кеткен әскерлерін жарақтандырып тұрған жолды бірден қиып тастамақшы.

Conflict Intelligence Team тәуелсіз зерттеу тобының басшысы Руслан Левиев «Медузаға» берген сұхбатында осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Украинада қазір қарсы шабуылға шығуға қажетті барлық ресурстар бар және бұған қоғамның сұранысы да өте күшті болып отыр.

«Украинаға соғыс жағдайы енгізілді. Украин Қарулы күштерінде жаңа күшті қару-жарақтар пайда болып жатыр. Енді бір жарым – екі ай шамасында соғыста бетбұрыс орын алады, ол Ресейдің пайдасына шешілмейді», – деді Левиев.

Егер Ресей жақын уақыттарда жалпыға ортақ мобилизация жарияламаса, майдандағы ахуал позициялық ұрыстармен шектеледі. Сарапшының ойынша, штурмдық операциялар әрекеттерге кезек келіп, біртіндеп белгілі бір қалаларды қоршауға алу қимылдары жасалуы мүмкін.

«Жақын арада ресейліктер, шамасы, «Азовстальден» кейін тұтқынға түскен «азовтықтар» мен украин жаяу теңіз әскерлеріне қатысты көрнекі сот процестерін ұйымдастыратын шығар», – деп атап өтті ол.

Украина әскери барлау қызметінің басшысы генерал Кирилл Буданов осыған орай Украинаның оккупанттарға қарсы көтерілетін қарымта шабуылды жеделдетуге дайын екенін, бірақ бұл үшін армияға ең алдымен РФ-ның басымшылығын жоққа айналдырып жіберетін ауыр соққылар беретін қару-жарақтар керектігін жеткізді. Мұндағы әңгіме орта және үлкен қашықтықтардағы ракета жүйелері, ірі калибрлі артиллерия мен екпінді авиация жайлы болып отыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button