Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Нидерланд соты МH17 ұшағын ресейліктер атқанына сенімді болып отыр

АМСТЕРДАМ. 19 мамыр. Нидерланд соты МН17 рейсін атып түсірген Ресей әскерилері деген қорытынды ұйғарым жасады. Бұл туралы «Укринформ» хабарлады.

Гәп 2014 жылы 17 шілде күні Украина аспанынан ұшып бара жатқан Малайзия авиажелісінің «Boeing-777» жолаушылар ұшағы жайында болып отыр.

Нидерланд осы оқыс оқиғаға байланысты Ресей тарапы айыпты өзгелерге жабуды көздейтін болжамды қабылдамай тастады. Сот бұл қайғылы жағдайға Кремльдің тікелей қатысы бар екенін білдіретін айғақтың жеткілікті екенін алға тартты.

Атап айтқанда, сотталушылар – Ресей тарапы «Бук» қондырғысының көмегімен Малайзия елінің атамыш әуе кемесін атып түсіргені айдан анық болып отыр. Ал өздерінше тексеріс жүргізген ресейлік «сарапшыларға» ешқандай сенім жоқ.

Айыпталушылар – ресейліктер Игорь Гиркинге, Сергей Дубинскийге, Олег Пулатовқа және украиналық Леонид Харченкоға прокурорлар өмір бойы түрмеге отыру жазасын кесуді сұрайды.

Айыпталушылардың адвокаттары ұшақ ракета тимей-ақ, басқа себеппен құлағанын дәлелдеуге тырысып баққан.

Ал прокурорлар кезекті мәрте сотталушылардың айыптары бар екеніне сенімді болып шықты. Олар МН17-ні Ресейдің «Бук» қондырғысы атып түсіргенін дәлелдейтін айғақтар жеткілікті екенін алға тартады.

Аталмыш іс бойынша шешім биылғы жылдың 17 қарашасында немесе 15 желтоқсанында шығуға тиіс. Сот әзірге нақты күнді атап бере алмай отыр.

Еске сала кетейік, 2014 жылы 14 мамыр күні Нидерланд байтағы Амстердамнан Малайзия астанасы Куала-Лумпурға қарай ұшып шыққанына 2 сағат 49 минут болған лайнерді Украинаның Донецк облысы үстінде Ресей әскерилері атып құлатты. Сол сәтте жолаушылар әуе кемесінің бортында 283 жолаушы, 15 экипаж мүшесі, барлығы 293 адам бар еді. Бәрі түгел сол бойда опат болды. Кейін Халықаралық тергеу тобы ұшақты РФ Қарулы күштерінің 53-ші зенит-ракета бригадасының «Бук» қондырғысы арқылы қағып түсіргенін анықтап шықты.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button