ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Украинаның бірінші президенті Кравчук қайтыс болды

КИЕВ. 10 мамыр. Бүгін тәуелсіз Украинаның бірінші президенті Леонид Крачук ұзаққа созылған науқастан кейін қайтыс болды. Бұл туралы DonPress хабарлады.

Мұның хабарын «Українськие новини» агенттігіне осы отбасы шеңберіне байланысы бар мәнбе жеткізген.

Мәнбе анықтағандай, саясаткер 2022 жылғы 10 мамыр күні Киев уақытымен 17:00-де қайтыс болған. Оның жасы 89-да еді.

Леонид Кравчук 2021 жылы жазда жүрегіне ота жасатты. Содан кейін ИВЛ аппаратына қосылып, реанимацияда жатты. Сол жылғы күзден Германияда реаблитациядан өтті. Отбасы маңына жақын мәнбелер бұл кезеңнің сәтті өткенін баяндады.

Совет заманынан бері келе жатқан қайраткер Кравчук 1991 жылы Украинаның атынан Беловежскоеде РСФСР президенті Борис Ельцинмен, Беларусь Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Станислав Шушкевичпен бірге КСРО-ның тіршілік етуін тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды.

1991-1994 жылдары тәуелсіз Украинаның бірінші президенті болды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button