Тоқаев бұған дейін экс-президент ұшып келген ұшақты өзіне алды
АСТАНА. 10 мамыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркияға өзіне тиесілі ұшақпен ұшып барды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
Мәселе мынада, 2007 жылы өндірістен шығарылған «Airbus 330-233» маркалы флагман лайнерін бұрынғы президент қызметтен кетсе де, оған бермей, осы кезге дейін өзінің жеке тірлігі үшін пайдаланып келді.
«Флагман ұшақ бұдан былай Қазақстанның экс-президентінің құзырында болмайды», – деп жазды агенттік тілшісі Президент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақорданың баспасөз қызметінің сейсенбі күні Анкарадан жариялаған суреттеріне сәйкес, қазір Түркияда мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев енді елдің басты әуе кемесімен ұшатын болады.
ҚазТАГ 2021 жылғы наурызда-ақ хабарлағандай, Тоқаев өз президенттік қызметінің басында 2013 жылы шыққан «Airbus 321-211» ұшағымен ұша бастап еді. Ал «Airbus 330-233» лайнері 2010 жылдан бері онымен ұшып келген Назарбаевтың еншісінде қалып қойған еді.
Президент ақыры өзіне тиесілі әуе кемесін алуға шешім қабылдаған сияқты.