Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Чехия премьері Путиннің өтірікшілігіне қайран қалып отыр

ПРАГА. 10 мамыр. Чехия премьер-министрі Петер Фиала Ресей президенті Владимир Путиннің парад кезінде сөйлеген сөзіндегі бораған өтіріктерден жағасын ұстады. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.

Чехия Үкіметінің басшысы Путиннің 9 мамырда Мәскеуде өткен парад уақытында сөйлеген сөздеріндегі тұнып тұрған жалғандықты өтіріктің шыңы деп бағалады.

«Владимир Путин өзінің сөзінде жалған ақпарат таратуды жалғастырып, тарихи деректер мен қазіргі болып жатқан оқиғалар легін саналы түрде бұрмалады, осы арқылы Ресей насихатының ендігі міндеті РФ-ның Украина тарапынан ешқандай арандатушылық болмағанына қарамастан жасаған соғысын ақтауға тырысу екенін тағы айғақтап берді», – деді ол.

«Мәскеуде айтылған оның тасқын судай қаптаған өтіріктерінің әрбіріне жеке тоқталып, оларға жеке жауап қайтарудың, тойтарыс берудің, түсіндірме жасап жатудың қажеті жоқ. Оның осы жолы айтқан өтіріктерінің өзі Батыстың агрессорға қарсы бекерден-бекер блок құрып жатпағанын, мұның өзін өзі толық ақтайтынын, солай етуге тұратынын көрсетті», – деді Фиала.

Путин Мәскеуде Жеңіс парадын өткізу кезінде Ресей Украинаға басып кіру арқылы НАТО тарапынан жасалғалы тұрған «агрессияға ескертпе тойтарыс бергенін» айтып еді.

Путин тағы да бұрынғы шайқастарды санамалап шығып, «бөлінбес совет халқы» деген тіркесті қолданды.

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес өз кезегінде Путин дүйсенбіде Жеңіс күнінде сөйлеген сөзінде «жанталастың жеңіл жарқылын» керсетті, деп мәлімдеді.

Бүгін сондай-ақ Чехия астанасының муниципалитеті совет маршалы Иван Коневті 1945 жылы берілген «Прага қаласының құрметті азаматы» атағынан айырды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button