Шешендер батальоны орыстардан «Солнцепекті» тартып алды
КИЕВ. 10 мамыр. РФ-ға қарсы соғысушы шешен батальоны бір «Солнцепек» ауыр огнеметін жаудан тартып алып қойды. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.
«Шешендердің Украинада біздің Қарулы күштер жағында соғысып жатқан Шейх Мансур атындағы еріктілер батальонының жауынгерлері ұрыс даласында бір трофейді қолға түсірді. Сөйтіп, ресейлік оккупанттардың «Солнцпек» ауыр огнемет жүйесінің біреуі кеміді», – деді деректі жеткізушілер.
Батальонның «Солнцепекті» алып қойған сәті YouTube-каналында жарияланды.
Онда шешендер ТОС-1А жауынгерлік техникасына жақын келіп, РФ агрессор елі армиясының солдатын берілуге шақырады.
«Сдавайся, я вижу тебя. Сдавайся, русский Ваня», – дейді шешен шерігі.
Кадрдан көрініп тұр, ресейліктердің огнемет жүйесі соғыс қақтығыстары кезінде зардап шекпеген екен, оның толық жауынгерлік дайындық сапында болуы ықтимал.
Айта кету керек, бұл видео наурыз айының ішінде түсірілген сияқты. Бірақ шешен батальонының жауынгерлері ол жайлы тек 9 мамыр күні ғана видео ұсыныпты.
Бұдан бұрын украин жауынгерлері тап осындай «Солнцепектің» біреуін оккупанттардан тартып алған болатын. Ол ұрыста пайдаланылып жүр.
PS. Кеше, 9 мамыр күні РФ әскерлері шығыс бағытта 8 рет шабуылға көтерілді. Украина Қарулы күштері оларды тойтару қорытындысында жаудың 250 солдатын жер жастандырды.
Жалпы, бұл күні украин жауынгерлері басқыншылардың 13 танкісін, 10 жауынгерлік машинасын, 1 бронетранспортерін, 6 ауыр артиллериялық тягачын, 1 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысын, 2 минометі мен 1 беспилотнигін жойып жіберді.