Ерлік ешқашан есеппен жасалмайды
Дүниеде есеппен жасалмайтын бiр ғана iс бар екен. Ол – ерлiк. Бақсақ, ерлiкке есеп жүрмейтiн көрiнедi. Дұрысы, есеппен өлердей өш! Ал, бейбiт күнде ерлiк жасаған жiгiттер өздерiнiң iсiн батырлық деп санамайды.
Жалпы, батырлық қазақтың қанында бар қасиет. Оған дәлел, мiне… Қызылорда. 25 сәуір. Сырдария өзенінен суға батып бара жатқан 15 жасар жасөспірімді байқап қалған қызылордалық Асылбек Ақпанбетовтің видеосы әлеуметтік желіні шарлап кетті. Кешқұрым уақытта судың мұздайлығына қарамастан, суға түскен Асылбек жасөспірімді аман алып қалуды ғана ойлайды. Ол бір уақытта қыз баланың қимылдап жатқанын байқайды. Аталған мекенжайға жедел жәрдем шақырып, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін шақырады. Сол сәтте Асылбекке қала тұрғындары Тұрманжан Құттықожа, Азамат Сағынбай есімді азаматтар көмекке келеді. Қыз бала балалар ауруханасына жеткізіледі.
«Сырдарияда су қайта аз болды. Жеткіншектің аяқ қолы жарақат алыпты. Шынын айтсам, суға батып бара жатқан адамдарды көргенде ойлануға да мұрша болған жоқ. Бірден оларды құтқаруға асықтым. Мұндай сәтте әр секундтың аса қымбат екенін сезінеді екенсің. Бәрін жылдам жасау керек болды. Мен өзімді ерлік жасадым деп есептемеймін. Мұндай оқыс жағдайлар орын алмаса екен», – дейді Асылбек Ақпанбетов.
Біздің кейіпкеріміз әскери салада қызмет атқарған. Асылбек Ақпанбетов Семей қаласындағы 44841, Сарыағаш ауданындағы 10216, Ақтау қаласындағы 51809 әскери бөлімшелерінде рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Өткен аптада Қызылорда облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев ерлік жасаған бейбіт күннің батырларын марапаттап, алғысын білдірді. Жансая Дүйсенбайқызы