18 Қазан, 07:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қырым көпіріне жететін Америка реактивті жүйелері Украинаға келді

8 Мамыр 2022 17:01
- Аймақ, Жаңалықтар
Қырым көпіріне жететін Америка реактивті жүйелері Украинаға келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 8 мамыр. Атқан оғы Қырым көпіріне дейін еркін жете беретін америкалық реактивті жүйелер Украинаға әкелінді. Бұл туралы DonPress хабарлады.

«АҚШ-тың залппен атылатын реактивті жүйелері Украинаға келіп қойды», – делінген хабарламада.

Шынында да, M142 HIMARS және M270 MLRS қондырғылары украин жерінен Қырым көпіріне дейін емін-еркін жете береді – бұл жүйелер ракеталарының ұшу қашықтығы 300 шақырымды беймалал қамтиды.

Украин қорғаушыларының енді оларды іске қосулары ғана қалды. Осы мақсатта жақында бір топ әскери қызметкерлер АҚШ-тың Германия жеріндегі «Рамштейн» әскери базасында оқып қайтты.

Еуропа әскери сарапшылары осы күні Украинаның шығыс беткейінің картасын жариялады.

Украин армиясы, делінген хабарламада, жаудан Циркунды тартып алып, Харьковтың солтүстігіндегі аралық аймақты кеңейте түсті. Қазір Северный Донец өзенінің шығысы мен Изюмнің батыс жағында кескілескен ұрыс жүріп жатқаны хабарланды.

Украина Қарулы күштері нығайтылған позициясына қарай шегінгесін РФ-ның көптеген аптаға созылған шайқастардан кейін Попаснаяны өз бақылауына алғаны айтылып жатыр. Оларға сондай-ақ Нижныйды басып алған соң Тошковканың шетіне жетудің орайы келді, ал Рубежный үшін соғыс әлі жүруде.

Бүгін сонымен қатар Украин әскерлерінің Запорожье облысында қарсы шабуылға шығатыны баяндалды. Оны Запорожье облыстық әскери әкімшілік мағлұм етті.

Жалпы, шетелдік әскери сарапшылар Украина армиясяның жақын арада Харьков облысында да қарсы шабуылды үдетіп, оккупанаттарды шекара шебінен асыра қуып тастауға мүмкіндігі бар екенін айтып отыр.

Көп нәрсе ертеңгі күнге, яғни Путиннің 9 мамыр күні қандай шешім қабылдайтынына байланысты. Егер ол Украина ресми түрде «соғыс жарияласа», Украина қарулы күштері Ресейдің территориясына да емін-еркін шабуыл жасай алатын болады.

Таңбалар: АмерикаҚырым көпірі

Ұқсас мақалалар

Щи Трампты Тайваньға орай жанжал туып кетуінен сақтандырды
Қоғам

Біріккен Ұлттар Ұйымы банкроттық жағдайға келіп тіреліп тұр

02.06.2026
Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті
Әлеумет

Ресейден аулақтай бастаған Армения АҚШ-пен тез тіл табысуға кірісті

26.05.2026
АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді
Дәулет

АҚШ банкі Украина соғыстан соң «фин тағдырын» қайталайды деді

16.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist