ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресейде бір рота солдат Украинаға соғысқа барудан бас тартты

КИЕВ. 2 мамыр. Ресейде бір рота солдат Украинаға соғысқа бармайтындарын мәлімдеп, бұйрықты орындаудан бас тартты. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

«Ресей әскери қызметкерлері Украинаға қарсы соғысқа барудан жиі бас тартатын болды. Олар өлі оккупанттар қатарын толықтырудан қорқады», – делінген хабарламада.

Украинның белгілі журналисі Роман Цимбалюк Facebook-тағы парақшасында мұндай деректер Ресейдің әр түкпірінде тіркеліп жатқанын атап өтті.

«21-ші жеке мотоатқыштар бригадасының бір ротасы (12128 әскери бөлім, Тоцкое-2, Орынбор облысы) командирімен бірге толық құрамында Украина территориясында өліп қалудан бас тартты», – деп жазды журналист.

Ресей оккупанттары жақындарымен жүргізілген әңгіме барысында өздерінің соғыста шын мәнінде өте көп шығынға ұшырап жатқандарын мойындап, әскери командованиенің мол ақша беретіндері жөніндегі уәделерінде тұрмағандары жайында шағым айтады.

Агенттік хабарлағандай, Ресей оккупанттары 24 ақпаннан бері Украинада 23 800 адамынан айырылды. Олардың 300-дейі соңғы екі тәулік ішінде жойылды. Жау әскері сондай-ақ әскери техника жағынан да орасан зор шығынға ұшырап келеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button