Ресей Молдоваға шабуыл жасауға шешім қабылдады – The Times
ЛОНДОН. 2 мамыр. Ресей Молдоваға шабуыл жасауға шешім қабылдап қойды, Кремль бұл елге басып кірудің нақты жоспарын жасап алды. Бұл туралы The Times хабарлады.
Украин барлауы деректеріне сүйеніп мәлімдеме жасаған басылымның баяндауынша, қазір «бірқатар индикаторлар» Кремльдің Днестрдің батыс қапталына басып кірудің нақты межесін белгілеп алғанын анық байқатып отыр.
«Егер РФ Молдованың басып алса, рашистер Одессаға қарай тіке жол тартып, бұл территорияны батыс жағынан барып жаулап алуға тырысады», – делінген хабарламада.
«Егер бұл рас болса, Кремль Донбастың «сценариін» қайталайтын болады», – деп жазады газет тағы.
«Біз Мәскеу Кишиневке шабуыл жасау жөнінде шешім қабылдап қойған деп есептейміз. Молдованың тағдыры маңызды. Егер орыстар оны өзінің бақылауына алар болса, Украинаға жасалатын қауіп-қатердің мөлшері арта түседі, украин жері олардың оңай нысанасына айналады. Егер Ресей Приднестровьенің тәуелсіздігін мойындар болса, бұл Молдованың территориялық тұтастығына бұзу мен қауіп төндіру болып табылады», – делінген хабарламада.
УНИАН мағлұм еткендей, 25 сәуір күні Ресей Федерациясының арнайы қызметі мойындалмаған «Приднестровье Молдова республикасы» (ПМР) территориясында арандатушылық ұйымдастырды. Ол Украинаға соғыс ашар алдында да сондай провокацияны Донбасс өңірінде жасаған болатын.
Украина Қарулы күштері Бас штабының мәлімдеуінше, Приднестровьеде тұрған Ресей әскерлері бұдан бірнеше күн бұрын жауынгерлік даярлық сапына қойылды. Олар қазір кез келген соғыс қимылдарын орындауға құмбыл.
Осының алдында Украина барлау қызметі Ресей оккупанттарының Молдоваға жойқын жорықты Приднестровьені ракетамен атқылап алудан бастағалы тұрғанын баяндады. Кеше РФ-ның «ПМР»-де «мамыр мерекесі» өтіп жатқан кезде арандатушылық жасауға шешім қабылдағаны белгілі болып қалды. Мұны білген мойындалмаған республиканың тұрғындары жаппай Украинаға қашып барып жатыр.
Сонымен, бұл жолғы таңдау Молдоваға түсті. Сосынғы кезек кімдікі?
Кеше НАТО басшылығы Ресей Солтүстік альянсқа мүше елдердің біріне шабуыл жасайтын болса, өздерінің қарап қалмайтынын, бірден тойтарыс беретіндерін бірден ашып айтты. Молдова НАТО-ға мүше емес. Бірақ Прибалтика республикалары, Польша мен Чехия – бәрі де мүше. Демек, РФ бұларға енді бата алмайды.
Осының бәрі Ресей үшін қасиетті ештеңе қалмағанын көрсетеді.