Путин биліктен уақытша кетуге мәжбүр болатын түрі бар
МӘСКЕУ. 2 мамыр. Ресей президенті Владимир Путин сырқатының асқынуына байланысты биліктен бірнеше күнге кететін тұратын сияқты. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
«РФ президенті Владимир Путин онкологиялық кеселі салдарынан операцияға жататын болғандықтан, Украинадағы соғысқа бақылау жасаудан бірнеше күнге бас тартуға мәжбүр болады», – делінген хабарламада.
Кремльдегі мәнбесіне сүйенген басылым Путиннің осы уақыт аралығында өз орнында соғысқа бақылау жасауды ФСБ-ның бұрынғы басшысы Николай Патрушевке тапсырып кететінін алға тартады.
Газет Путин осы арқылы елде сенетін жалғыз адамы Патрушев екенін білдіргісі келеді деген ой айтады.
Ал Патрушев өз кезегінде РФ президентін Украинада нацистердің толып жатқанына сендірген басты тұлға және соғыс стратегиясының түйінді бастамашысы болып саналады.
Мәнбе сондай-ақ Путиннің соңғы 18 айдан бері құрсақ қуысының (брюшная полость) обырымен және Паркинсон ауруымен ауыратынын баяндайды. Газет сонымен қатар Кремль қожайынының операцияны Жеңіс күнінен кейін жасатуға шешім қабылдағанын жазады. Бұдан бұрын бұл ота сәуірдің екінші жартысына белгіленген болатын.
«Путинге операция жасау ұсынылды. Оның өту мерзіміне келісіп алу керектігі айтылды. Сірә, асыға қоятындай ештеңе жоқ сияқты, бірақ кейінге шегере беруге тағы болмайды. Ресей президенті Владимир Путин онкологиялық аурумен ауырады, соңғы проблема осы ауруға байланысты тексеру кезінде шықты», – делінген хабарламада.
Басылымның мәліметінше, Путин мұнымен бірге біраздан бері Паркинсон ауруының азабын тартып келеді. Ал жақында онда шизоэффектілік бүліншіліктің орын алғаны да анықталды.