Ресеймен жылдап соғысса да, НАТО Украинаға қолдау көрсетеді
БРЮССЕЛЬ. 28 сәуір. Украинаның Ресеймен соғысы жылдарға ұласып кетсе де, НАТО Киевке көмектесуін тоқтатпайды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Солтенберг бейсенбі күні Брюссельде өткен жастар саммитінде осыны айтты.
«НАТО Украинаның Ресейге қарсы жылдарға созылып кетсе де, оған көмек көрсетуге дайын. Бұған Киевті кеңес кезеңіндегі қару-жарақтан құтқарып, осы заманғы батыстық қарулар мен жүйелерге көшіру де кіреді», – деді ол.
«Біз ұзақ мерзімді перспективаға да дайынбыз. Бұл соғыстың созылып, айлар мен жылдарға ұласып кететіндігі жөніндегі ықтималдылық жоғары», – деді ол сосын.
НАТО басшысы Батыстың Ресей президентіне Украинаға басып кіруін тоқтатуы үшін санкциялар мен экономика арқылы жасайтын барынша жоғары қысымын, сондай-ақ Киевке көрсететін көмегін жалғастыра беретінін мәлімеді.
Бұған дейін НАТО елдері Украинаға осы кезге дейін Шығыс Еуропадағы қоймаларда жатқан совет қаруларын болып келіп еді, бірақ Құрама Штаттар мен басқа одақтастар соңғы күндері Киевке батыстың гаубицаларын жеткізе бастады.
Мұның алдында Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украинаның соғыста жаңа фазаға көшкенін баяндаған болатын.
«Біз бұдан екі ай бұрын ешкімнің да ойына келмеген нәрсе – соғыстың мүлде жаңа фазасына көштік. Біз тіпті ешкім армандай да алмаған нәрсе – принципті жаңа фаза – Украина Қарулы күштерін НАТО қаруына, натолық стандартқа көшіре бастадық. Бұл үдеріс әлден жүріп жатыр», – деді ол.
Министр сондай-ақ президент Владимир Зеленскийдің АҚШ лидері Джо Байденнің көзін осыған жеткізе алғанын айтты.
«Бізге алдымен гаубицалар келе бастады, бірақ бұл үлкен істің басы ғана, енді бұдан да зорлары келеді. Бұл – тарихи мәуріт», – дегенді қосты соңынан Кулеба.
Ал бейсенбі күні АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен Украинаға қолдау көрсету үшін тағы 33 млрд доллар ақша бөлуге, сондай-ақ ресейлік олигархтарға қарсы санкцияларлы күшейту мен олардың активтерін алып қоюға рұқсат сұрады.