CNN телеарнасы РФ-ның Бучадағы қылмыстарын тағы дәлелдеді (видео)
ВАШИНГТОН. 28 сәуір. Америка БАҚ-тары Ресей оккупанттарының Бучадағы айуандық әрекеттерін бұлтартпас айғақпен дәлелдейтін тағы бір жаңа видео жариялады. Бұл тралы CNN хабарлады.
CNN телеарнасы Буча үстінен дрон арқылы жоғарыдан түсірілген жаңа бейне материалды таратты. Онда Ресей техникаларының көшеде өліп жатқан қала тұрғындарының үстінен басып өткен сәттері тайға таңба басқандай анық көрініп тұр.
Америка журналистері Бучада 12-13 наурыз күндері дронмен түсірілген видео жазбаларды алған. Телеарна қызметкерлері түсірілімдердің сол күндері Бучада жасалғанын тексеріп, соған көздері жеткен.
Украин жауынгерлері мен халықаралық журналистер 1-3 сәуір күндері жау қолынан босатылғаннан кейін қалаға кіргенде тап осы жатқан мүрделерге кезіккен.
Ресей әскери бронды техникасы мен әскерилері осы екі күн бойына сол мәйіттердің жанынан өтіп кете берген.
Осының бәрі оккупанттардың қала қол астыларында тұрған кездерінде бейбіт тұрғындарға ойларына келгендерін істеп баққандарын айғақтай түседі. Бұл – көпе-көрнеу өтірік айтып, қылмыс істегендерін мойындай қоймай отырған Ресей билігіне нақты жауап.