Ресей офицерлері соғысқысы келмеген солдаттарды атып тастап жатыр
КИЕВ. 28 сәуір. Ресей офицерлерінің Украинада соғысудан бас тартқан жауынгерлерін атып тастап жатқаны жайлы қауесет тарады. Бұл туралы DonPress хабарлады.
«Ресей офицерлеріне өз солдаттарын атып тастауға тура келуде, бірақ олар сонда да бәрібір Украинада соғысқылары келмейді», – делінген хабарламада.
Украина Қауіпсіздік қызметі Харьков облысындағы Изюм қаласы түбінде соғысып жатқан басқыншылар полкы командирінің желі арқылы әріптесімен сөйлескен сөзінен осы мазмұндағы деректерді жазып алды.
«Менің солдаттарым да қазір соғысудан қорқады. Бәрінің күш-жігері біткен. Оларды моральдық жағынан да, дене күші жағынан да көтере алмаймын. Тіпті атып та жатырмын. Еш қайран жоқ. Мұндағылардың бәрі соғыстан түңілген. Роталарда мықты болғанда, 10-15 адамнан қалды. Олардың орнын толықтыруға жастар келді, шамамен 60 адам… олардың да жартысы қорқақтар, үрейшілер», – дейді ол байланыс желісінде әріптесіне.
Ақыр соңында командир офицерлердің өздерінің көңіл күйлері қазір сондай екенін мойындады.