Ресей Приднестровьеде де арандатушылыққа кірісіп кетті
КИШИНЕВ. 26 сәуір. Ресей Федерациясы Молдованың Приднестровье өлкесінде эскалация тудыруды бастап кетті. Бұл туралы point.md хабарлады.
Молдова президенті Майя Санду бүгін осыған байланысты шұғыл өткізілген Жоғары қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеме жасады.
Кеңес отырысында Приднестровьеде соңғы күндері болып жатқан инциденттер мен оқиғалар жайы талқыланды.
«Ондағы оқиғалардың бәрі ондағы эскалацияны күшейте түседі. Соңғы күндері жиі жарылыстар орын ала бастады, сепаратистік қозғалысқа қайта жан бітті. Келіп жатқан мәліметттерге қарағанда, эскалациялық пиғылдар аймақтың өзі ішінен шығуда. Оларды өңірдегі ахуалдың ширыға түсуіне мүдделі күштер ұйымдастырып отыр», – деді Майя Санду.
Сонымен бірге, Приднестровьеде ресейлік арнайы қызмет агенттерінің әрекеттері әшкереленді. Олардың мұнда арандатушылық әрекеттер жасау үшін арнайы жіберілгендері аян болды. Өздерін «Приднестровье Молдова республикасының министрлігі» деп атап алған ұйым арнайы агенттердің есімдерін атап өтті.
«Патриоттар тобы» деп аталған олар бүгін осыған орай үндеу жариялады. «Біз Ресей Федерациясы қарулы күштері бас штабы агентуралық жүйесі бас басқармасының мақсаты аймақта арандатушылық ұйымдастыруға дайындық жасау болған нұсқаулық мәліметтерін ашып беруге шешім қабылдадық», – делінген үндеуде.
Құжатта Приднестровьедегі «деструктивті жұмысты» үйлестіруге «ПМР президентінің» мұнда 2019 жылы келген кеңесшісі генерал-майор Виталий Разгонов жауапты болған. Оның алдына Приднестровьеде диверсиялық топтар, Молдова мен Украинада толқымалы ахуал туғызатын агентуралық жүйелер, Украинадағы «арнайы операцияны» ақпараттық жағынан қолдау орталығын құру тапсырмалары қойылған.
«Министрлік» өкілдері РФ Батыс әскери округінің 74-ші барлау орталығы мойындалмаған Тирасполь республикасы орталығында орналасқан агентурасының тізімін таратты.
Олардың құрамында мыналар бар:
- лақап аты «Коммерс» – Нягу Виталий Николаевич, 24.04.1976 жылы туған, РФ мен «ПМР» азаматы, «ПМР» ішкі істер министрі, Тираспольде тұрады;
- лақап атып «Шифтайн» – Небыйголова Игорь Петрович, РФ және «ПМР» азаматы, Қара теңіз казак әскерлерінің атаманы, Тираспольде тұрады;
- лақап атып «Тренер» – Коваль Людмила Михайловна, 25.01.1964 жылы туған, «Профсоюзные вести» газетінің бас редакторы, Тираспольде тұрады.
Молдова президенті аймақтағы жағдайды интенсивті түрде тексеруді, оның айналасындағы барлық қозғалысты қатаң бақылауға алуды, шекара мен территорияны күзетуді күшейтуді тапсырды.
Ал Кремль Приднестровьедегі жағдайды қадағалап отырғандарын, ондағы жанжалға кіріп кетуден сақтануға «тырысатындарын» мәлімдеді. Сонымен бірге Владимир Путин Молдоваға доқ көрсетуді ұмытпады.
PS. Дәл қазіргі сағаттарда Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Приднестровье территориясындағы Ресей әскерлерінің жедел топтары жауынгерлік дайындық сапына қойылды, күштік құрылымдар қызметті күшейтілген режимде атқаруға көшірілді деп хабарлады.